
Вьетнамда жоғалып кеткен 26 жастағы Әсем табылды. Бұл туралы оның әпкесі хабарлады деп жазады Tengrinews.
Әпкесінің сөзінше, Әсем қазір полиция учаскесінде.
«Ол аман-есен, бірақ жағдайына алаңдап отырмын. Әзірге, тергеу жүріп жатыр, басқа мән-жайын айта алмаймын. Бастысы, аман-есен табылғаны», – дейді туыстары Әсем жайлы.
26 жастағы бойжеткен алтыншы наурызда Вьетнамда жоғалып кеткен еді. Ол Ханойға баратын рейске мінуі керек болған, бірақ әуежайға жақындағанда байланыс үзіліп, хабар-ошарсыз кетеді. Жақындарының сөзінше, Әсем артынан біреулер аңдып жүргенін, қатты қорқатынын айтқан.
СІМ жағдайды бақылауға ұстап отырғанын хабарлады.