Жағын сындырды – Шымкентте футболшылар жаппай төбелесті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
/ Фото: Shuttertsock
/ Фото: Shuttertsock

Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Bad Football хабарлауынша, «Ақтөбе» ойыншысы Әмір Тулеевтің жақ сүйегі сынып, бірнеше тісі сынған. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, онымен бірге тағы бір ойыншы да ауруханаға жеткізілген. Бірінің жақ сүйегі сынған, ал екіншісі ерні мен иегінен жарақат алған. Бірінші ойыншыға ота жасалады.

«Ақтөбе» футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң айыптайды және құзырлы органдар бұл оқиғаны жан-жақты тексереді деген сенім білдіреді.

Сонымен қатар. клуб жас футболшыларына тезірек сауығып кетуін тілеп, олардың емделуіне қажетті барлық көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Мұның алдында Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны жаппай төбелеспен аяқталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз