Жаңалықтар

Жағын сындырды – Шымкентте футболшылар жаппай төбелесті

/ Фото: Shuttertsock
Фото: Shuttertsock

Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Bad Football хабарлауынша, «Ақтөбе» ойыншысы Әмір Тулеевтің жақ сүйегі, бірнеше тісі сынған. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, онымен бірге тағы бір ойыншы ауруханаға жеткізілген. Бірінің жақ сүйегі сынған, ал екіншісі ерні мен иегінен жарақат алған. Бірінші ойыншыға ота жасалады.

«Ақтөбе» футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, құзырлы органдар оқиғаны жан-жақты тексереді деген сенім білдіретінін жеткізді.

Сонымен қатар клуб жас футболшыларына тезірек сауығып кетуін тілеп, олардың емделуіне қажетті барлық көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Мұның алдында Шымкент қаласында өтіп жатқан футбол орталықтары мен академияларының 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» және «Екібастұз» командаларының ойыны жаппай төбелеспен аяқталған еді.