Lifestyle

«10 жылдық тұман сейілді»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін кешірді

Screenshot

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мөлдір Әуелбекова өзінің жеке өміріндегі жаңалығын айтып, оқырмандарын тебірентті. Көп жылдар бойы жалғызбасты ана ретінде ұлын тәрбиелеп келген өнер иесі бұрынғы жолдасы Арыстанды кешіргенін айтты.

Әншінің айтуынша, осыдан екі ай бұрын ол ұлының әкесін алиментке берген болатын. Алайда бұл қадам ер адамның ойлануына себеп болған сияқты. Көп ұзамай бұрынғы жолдасы Мөлдірге өзі хабарласып, өткен іске кешірім сұраған.

«Ол маған өзі хабарласып, өткен-кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді», – деп жазды Мөлдір парақшасында.

Мөлдір бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын, бірақ баланың болашағы мен ішкі тыныштығы үшін кешірімге келгенін айтты. 10 жылға созылған өкпе-реніш пен «тұманның» сейілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Ендігі кезекте екі жақ та «жақсы ата-ана» болуға уәделескен.