
Қазақ фольклорының ең сүйікті кейіпкері, айласымен де, ақылымен де танымал Алдар көсе араға 15 жыл салып экранға қайта жол тартты. Бұл жолғы туынды «Алдар. Махаббат туралы аңыз» деп аталады.
Көпшілікке танымал әрі талантты актер Дәурен Серғазин бұл рөлге қайта оралып, көрерменді бір қуантты.
«15 жылдан кейін аңыз кейіпкер қайта оралды. Сағындыңыздар ма?» – деп жазады фильмнің ресми парақшасы.
«Алдар көсе» фильмі 23 cәуірден бастап кинотеатрларда көсрсетіледі.