Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктермен жанжалдасты

Жарияланды 11 Наурыз 2026 13:04

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram

Айгүл Иманбаева ұшақта бортсеріктермен жанжалдасты. Оқиға Алматы – Астана бағыты бойынша ұшатын 953 рейсте болған.

Актрисаның айтуынша, ұшақ боранның кесірінен екі сағат кешігіп ұшқан. Әншінің қасында келіні және екі немересі болған.

Жанжал себебі – бір жұтым су. Айгүл Иманбаева бортсеріктерден ауызашарға бір стакан су сұраған. Бортсеріктер мақұл деген. Бірақ ауызашар уақытына 20 минут қалғанда батырманы басып, шақырған. Бірақ ешкім келмеген.

Оның сөзіне қарағанда, ұшақ қона бастағанда, бір бортсерік су беруден бас тартып, «қонған кезде өзіңіз ішіңіз» деп өтіп кеткен.

«Ұятсыздар! Сіздер қай елде өмір сүріп жатырсыздар? Қазір ораза айы екенін жақсы білесіздер. Динара, сіздің кесіріңізден қолым дірілдеп жатыр», – деп ашу шақырды Айгүл Иманбаева.

Айтуынша, бұл оқиға актрисаның жүйкесін жұқартқан.

«Мұнау сұмдық! 20 минут бойы стюардессаны шақырып, бір стакан су сұрап  ала алмадым. Қолымда кішкентай немерем. Ол қолға тұрмай жылап жатыр. «Қонған соң, өзіңіз бізге келіп ішіңіз» деп айтады тағы. Тек беттерін жасанды етіп алған. Әр жолаушы біздің приоритетіміз деп қояды. Өтірік. Мен өмірімде бірінші рет инстаға салыппын. Әбден жүйкем жұқарған соң…» – деп түсініктеме берді ол.

«AirAstana бортсеріктеріңіздің осындай болғаны масқара» деп жазба қалдырды Айгүл Иманбаева.

Мұның алдында актриса  2025 жыл адамдардың бетпердесі шешілген жыл болғанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз