Айына 3,6 млн теңге: Қазақстанда мұндай жалақыны кімдер алып жүр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: shutterstock

2026 жылғы ақпанда Enbek.kz порталында 99 мың бос жұмыс орны және 124,9 мың түйіндеме тіркелді. Қаңтар айымен салыстырғанда бос орындар саны 3,7%-ға, ал түйіндемелер 23,1%-ға азайған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік дерегінше, бос жұмыс орындарының басым бөлігі білім беру саласына тиесілі – 26,9 мың. Одан кейін қызмет көрсету (14,6 мың), денсаулық сақтау (9,4 мың) және өңдеу өнеркәсібі (8,6 мың) салалары орналасқан.

Түйіндеме жолдағандардың 54,6%-ы – әйелдер, 45,4%-ы – ерлер. Өтініш берушілердің 42,3%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар.

Ең жоғары жалақы мұнай-газ жобаларын әзірлейтін инженерлерге ұсынылған – 3,6 млн теңге. Құрылыс саласының бас технолог мамандарына 2,8 млн теңге, ал материалтану техниктеріне 2,2 млн теңге төлеуге дайын екені көрсетілген.

Ал талапкерлер тарапынан ең жоғары жалақы сұрағандар – ұшқыштар (3,3 млн теңге), инвестициялық жобалар жетекшілері (2,1 млн теңге) және оқу бағдарламаларын әзірлеушілер (2 млн теңге).

Айта кетейік, жақында Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жалақыны көтеруді ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз