
Ақмола облысында боранда алыс жайылымға кетіп, жоғалып қалған 45 жастағы ер адамды іздеу-құтқару операциясы аяқталды.
ТЖМ мәліметінше, бақташы шаруа қожалығынан мал қайыруға атпен шығып, белгіленген уақытта оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабарлама бірден келіп түскен.
«Іздеу жұмыстары Макинск қаласынан 16 шақырым жерде жүргізілді. ТЖМ күштері ер адамды солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағындағы көпір астынан аман-есен тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады», – деп хабарлады ТЖМ.
Ведомство алыс жайылымдарға шыққан кезде жақындарына нақты бағыт пен қайту уақытын хабарлау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті.
Еске салайық, осы күндері елімізде ауа райы нашарлап, қатты аяз болып жатыр.