Ақтөбеде полицейлер жолда қалған аяғы ауыр келіншекке көмектесті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: коллаж Kursiv Media

Ақтөбе облысының Алға ауданында учаскелік полицейлер босанғалы жатқан әйелге жедел көмек көрсетті деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігі.

Полицейлер Қайыңдысай ауылы маңындағы учаскеде патрульдеп жүргенде жол жиегіндегі ВАЗ автокөлігін көреді. Жақындап сұрастырғанда, машина бұзылып ары қарай жүре алмай тұрғанын анықтайды.

Жолда келе жатқан жүргізуші полициядан көмек сұраған: көліктегі жарының толғағы қысып, жағдай қиындаған. Учаскелік инспектор келіншек пен қасындағы фельдшерді өз көлігіне отырғызып, шұғыл түрде құтқарушыларға жеткізді.

Олар әйелді бірден ауруханаға апарып, көмек көрсетті.

Полиция қиын жағдайда әрдайым 102 нөміріне хабарласуға болатынын еске салады.

Еске салайық, осы күндері елімізде ауа райы нашарлап, қатты аяз болып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз