Жиеніне алданып далада қалған 86 жастағы кейуанаға дағдарыс орталығын паналап жүр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Зейнеткерлерге мүгедектігі бар жұбайына жеке көмекші атанып, жәрдемақы алса болады
Зейнеткер қарттар үйіне барғысы келеді/фото: shutterstock

Астанадағы 86 жастағы кейуана «Қорғау» дағдарыс орталығын паналап отыр. «Қорғау» қорының жетекшісі Анна Рыльдың айтуынша, зейнеткердің орталыққа орналасқанына екі айдан асқан. Енді қарттар үйіне жіберу жағы қарастырылып жатыр.

«Дағдарыс орталығында 17 жастан 86 жасқа дейінгі әйелдер келеді. Арасында жас қыздар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер де бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық ер мен әйелдің ғана арасында болатын жағдай емес, ол ата-ана, ұл-қыздары, немерелері тарабынан да болатын әрекет.

Мәселен, 86 жастағы зейнеткердің қызы қайтыс болған. Қызынан жалғыз жиені бар. Немересі ауылдағы баспанасын сатуға көндірген, қалада бірге тұрамыз деп уәде берген. Кейіннен зейнетақысын алып қойған, күш қолданған», – дейді Анна Рыль.

Айтуынша, зейнеткер немересінің үстінен арызданудан бас тартқан. Жасаған әрекетіне қарамастан, жиенін жақсы көреді.

«Қазір кейуананы қарттар үйіне орналастыру жағын қарастырып жатырмыз. Ақыл-есі дұрыс. Өте салмақты кісі. Зейнетақысын өзі алып отыр», – дейді «Қорғау» қорының жетекшісі.

Бұдан бөлек Анна Рыль экс-дипломат Сәкен Мамаш пен бұрынғы әйелі Карина Мамаш тағы соттасып жатқанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз