Жаңалықтар

Бас мүфти академик Асқар Жұмаділдаевты мерейтойымен құттықтады

коллаж: kursiv.media

Алматы қаласына жұмыс сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы көрнекті математик-ғалым, академик Асқар Жұмаділдаевпен кездесті.

Бас мүфти ғалымның үйіне арнайы барып, мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Кездесу барысында Бас мүфти Асқар Жұмаділдаевтың ұлттық ғылым мен білімге қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталды.

Асқар Серікбайұлының ғылым мен білім саласындағы еңбегі, жастарды білімге шақырып жүрген ағартушылық қызметі қоғам үшін аса маңызды»,– деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Иығына шапан жауып, құрмет көрсетті

Дәстүрге сай, Бас мүфти мерейтой иесіне ерекше құрмет көрсетіп, иығына қазақы шапан жауып, Аятуль курси аяты жазылған ерекше картина сыйлады.

Академик Асқар Жұмаділдаев өз кезегінде ризашылығын білдіріп, дін мен ғылымның үйлесімділігі елдің ілгерілеуіне негіз болатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ғалымға көлік мінгізген еді.