Жаңалықтар

Халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы құбыла бастады

Мұнай бағасы
Фото: Shutterstock

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) 182 млн баррельден аса мұнай қорын нарыққа шығаруды ұсынды. Бұл 2022 жылғы жағдайдан кейін тарихтағы ең үлкен көрсеткіш болуы мүмкін. Аталған шешім АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты мұнай бағасының өсуін төмендету мақсатында қабылданып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

«Қауіпті жағдай»

Иранның Ормуз бұғазын жабуға қатысты мәлемдемелері әлемдік мұнай нарығына үлкен қауіп төндіріп отыр. ХЭА мәліметінше, «қара алтын» қорын нарыққа шығару мұнай бағасының күрт өсуін тежей алады әрі қалыптасқан жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі. Осы шара нәтижесінде мұнай бағасы төмендеуі мүмкін. 

Мәселен, 9 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы 119,5 доллардан жоғары деңгейге жеткен, кейіннен төмендей бастады.

«Әлемдік нарыққа осындай көп мұнай қорының шығарылуы сала тұрақтылығына маңызды әсер етуі және мұнай бағасының қарқынды өсуін тежей алуы мүмкін. Алайда, геосаяси жағдай тұрақталмаса бұл әсер ұзаққа созылмайды. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мұнай бағасын қайта жоғарылатуы ықтимал», – деп жазды WSJ.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың 15-20%-ы тасымалданады, сондықтан бұл аймақтағы тұрақсыздық мұнай нарығына үлкен қауіп төндіреді. Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлерге соққы жасауы мұнай бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін. Бірақ ХЭА қоры бұл әсерді біршама төмендетуі ықтимал.

WSJ басылымының мәліметтері бойынша, агенттік 2022 жылы нарыққа шығарған 182 млн баррельден асатын көлемді қайта ұсынды. Бұл ұсыныс Таяу Шығыстағы соғыс пен осы өңірден жеткізілімдердің тежелуі нәтижесінде мұнай бағасының өсуіне қарсы бағытталған. Қорытынды шешім 11 наурыз ХЭА-ға мүше барлық 32 ел бірауыздан қолдаса қабылдануы мүмкін.

Агенттік басшысы Фатих Бирольдың айтуынша, ХЭА мүшелері мемлекеттік төтенше мұнай қорларында 1,2 млрд баррельден астам таза «қара алтын» және 600 млн баррель өнеркәсіптік қорлар бар.

Мәжбүрліктен құрылған агенттік

Еске сала кетсек, 1974 жылы араб елдері енгізген мұнай эмбаргосы нәтижесінде батыс елдері мен олардың одақтастарын Халықаралық энергетикалық агенттігін құруға мәжбүр еткен. Агенттік мұнай нарығындағы дағдарыстардан оған мүше елдер экономикаларын қорғау үшін стратегиялық қорларды үйлестіреді.

Агенттік стратегиялық қорларды 1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыс, 2005 жылы «Катрина» дауылы, 2011 жылы Ливан азаматтық соғысы және 2022 жылы да пайдаланған. 

АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс 28 ақпанда басталып, Таяу Шығыстың негізгі мұнай өндіретін өңірлерін қамтыды. АҚШ пен Израильдің әскери операцияларына жауап ретінде Иран зымырандар мен дрондармен шабуыл жасауды бастады, бұл Ормұз бұғазында шикізат тасымалдауға қауіп төндірді. Нәтижесінде мұнай бағасы 9 наурызда 25%-ға өсті және баррелі 116 доллар болды, бірақ кейін ол 82,6 доллардан төмендеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп осы жағдайға қатысты мұнай бағасын төмендету үшін нақты әрекеттер жасау жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, АҚШ ресейлік мұнайға салынған санкцияларды ішінара алып тастауға дайын және G7 елдерімен стратегиялық қорларды нарыққа шығаруды қарастыруда.

Ормуз бұғазындағы жағдай мұнай бағасының өзгеруіне айтарлықтай ықпал етіп отыр. Егер Иран өзінің жоспарларын жүзеге асырса, бұл мұнай бағасының өсуіне әсер етуі мүмкін, бірақ ХЭА қорлары бұл әсерді біршама төмендетуі де ықтимал.