Жаңалықтар

Қазақстан биыл мұнайды жоспардан аз өндіреді

2026 жылы мұнай өндірісі азаяды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Энергетика министрлігі 2026 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру жоспарын өзгертті. Министр Ерлан Ақкенженовтің мәлімдеуінше, өндіріс көлемі бастапқыда жоспарланған 100,5 млн тоннаның орнына 96–98 млн тонна деңгейінде қалыптаспақ.

Болжамның төмендеуіне екі негізгі фактор әсер еткен: біріншісі – 18 қаңтарда Теңіз кен орнында орын алған өртке байланысты өндірістің уақытша тоқтатылуы болса, екіншісі – негізгі экспорттық бағыт саналатын Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдауға қойылған шектеулер.

Дегенмен, қазіргі уақытта Теңіз кен орнындағы жағдай тұрақталды. Өндіріс жұмыстары толық қалпына келтіріліп, қазіргі таңда тәуліктік өндіру көрсеткіші шамамен 120 мың тоннаны құрап отыр.

Сонымен қатар Аққкенженов әлемдік нарықта мұнайдың қымбатттауы қазынаға қосымша 20 млрд доллар алып келетінін айтқан.