Қазақстанның алтын-валюта резерві 71,6 млрд долларды құрады
Жарияланды

Қазақстанның таза алтын-валюта резерві бір айда 3,3%-ға өсіп, 71,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.
Жалпы 2026 жылдың екі айында елдің алтын-валюта қоры қарқынды өскені байқалады. 2025 жылдың соңында 63,1 млрд долларды құраған қор екі айда 8,3 млрд долларға өскен.
Ұлттық қорда жинақталған 65,4 млрд доллар валютаны қосқанда, Қазақстанның жалпы қоры 137 млрд доллардан асқан.
Жалпы халықаралық резев 73,7 млрд доллардан асып, соны ішінде алтынның үлесі 57,8 млрд долларға жетті. Бұл қорда алтынның үлесі артып келеді. Екі айдың ішінде өсім 22%-ды құраған.
Бұған дейін сарапшылар 2000-шы жылдан бері әлемдік орталық банктердің шетел валютасындағы резерв құрылымында АҚШ долларының үлесі азайып келе жатқанын айтқан