Отбасы банк басшысы Үкіметке Louis Vuitton сөмкесімен келді
Жарияланды

Мемлекеттік Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкіметтегі брифинг кезінде БАҚ назарын өз сөмкесіне аударған.
Бұл туралы журналист Жания Уранкаева Instagram-дағы желісіндегі «АйтSay» парақшасында жазды.
Баспасөз кездесуіне банк басшысы француздың Louis Vuitton брендінің Neverfull Inside Out Monogram Canvas and Leather MM үлгісіндегі сөмкемен келген.

Farfetch сайтындағы мәлімет бойынша, мұндай сөмкенің бағасы шамамен 4 400 доллар, яғни қазіргі бағаммен 2,2 млн теңге шамасында.
Мұның алдында Отбасы банк басшысы мемлекеттік бағдарламалар болмағанда халық үйді 22%-бен алатынын айтқан еді.