
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы оқырмандарының сүйіспеншілігіне бөлене бастады.
«Айман бәрімізге ұнап келе жатыр күннен күнге», – деп жазды құлсарылық Динара атты бір оқырманы.
Бұған Айман Талғатқызының қазақтың дәстүрлерін жақсы білетіні, берік сақтайтыны түрткі болған секілді. Әсіресе, жылқыға құмарлығы тәнті етіп отыр.
«Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге: жылқыны танып-білгеннің қай жері жаман? Мүше, жілік ажырата алсаң керемет емес пе? Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес пе? Аттың үстінде шабу да үлкен өнер әрі ерлік», – жазды Қабатовтың екінші жары.
Айман Талғатқызы жүйрікке мініп, шапқанды ұнатады. Атқа отырысы да кәнігі. Қасында жүгірген тазылары ерекше көңіл-күй сыйлайды.
Мұның алдында ол жеке өмірін жасырмай, оқырмандарына екі ұлын таныстырған еді.