Қазақстанда бес өңірге су тасқыны қаупі төніп тұр

Жарияланды
SMM бөлімінің редакторы
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Биыл көктемде су тасқыны қаупі бес өңірде бар екенін Сенат кулуарында Төтенше жағдай вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.

Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар табиғи апаттардың алдын алу үшін бірге жұмыс істеп жатыр. «Тасқын» жүйесі бес өңірде су тасқыны қаупі туындап тұрғанын көрсеткен.

«Олар: Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. Жағдайды тәулік бойы бақылап отырмыз. 1 наурыздан бастап елде жедел штаб жұмысын бастады. Елдімекендерге төнген қауіп жоқ, жағдай бақылауда», –  деді ол.

Вице-министр елдімекендерді су басып қалмас үшін барлық тиісті шара жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Үкімет мүшелері елдегі су тасқынына қатысты жағдайды талқылаған.

Сондай-ақ оқыңыз