Қытайлықтар наурыздың соңынан бастап Түркістанда демалыс үйлерін салғысы келеді

Түркістан облысында қытайлық инвесторлармен бірлесіп туризмді белсенді дамыту жоспарлануда. Әкімдіктің қандай жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырған жария етті.
Жобалар облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің қытайлық компания өкілдерімен кездесуінде талқыланды. Тараптар өңірдегі туристік инфрақұрылымды дамыту мен жаңа инвестициялар тарту туралы сөйлесті.
Әлеуетті қытайлық инвесторлар бірнеше идея ұсынды. Олардың ішінде демалыс аймақтарында бақылау алаңдарын салу және капсулалы үйлер орнату бар. Әкімдік қызығушылық танытқан компанияның атауын құпия сақтауды жөн көрді.
Инвесторлар жұмысты наурыз айының соңында бастауға дайын екендіктерін және жергілікті биліктің қолдауынан үміт артатынын мәлімдеді. Әкімдік жаңа жобалар туристер ағынын көбейтуге септігін тигізеді деп күтуде.
«Түркістан облысы әрқашан шетелдік компаниялармен ынтымақтастыққа дайын. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалып, жеңілдіктер қарастырылған, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді. Біз туризмді дамытуға мүмкіндік ашатын жобаларды қолдауға дайынбыз», — деді Қайыпбек.
Бұған дейін Түркістанның басты көрікті жерлерінің бірінің айналасында күзет күшейтілгенін жазған едік. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келушілерді кіреберісте турникеттер мен құжат тексеру жұмыстары күтіп тұр.