«Реал Мадрид» – «Манчестер Сити» ойынының тікелей трансляциясы
Жарияланды

Бүгін, 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні, UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы ойындары өтеді.
Мадридтік Реал Мадрид өз алаңында ағылшын клубы Манчестер Сити командасын қабылдайды. Соңғы 10 жылда екі клуб турнир аясында алты рет кездескен.
Биыл жалпы кезеңде командалар бір рет қана кездескен. Мадридте өткен тартысты матчта «қалалықтар» 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал өткен маусымдағы плей-офф кезеңінде мадридтік ұжым екі матчта да жеңіске жеткен болатын.
Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін, «Байер» мен «Арсенал» ойынын қайдан көруге болатынын жазған едік.