Сәрсенбіде доллар 3 теңгеге қымбаттады

KASE деректеріне сәйкес, осы аптада теңге бағамы айтарлықтай құбылмалылық көрсетіп отыр. Апта басында доллар 494,00 теңгеге дейін көтерілгенімен, сейсенбіде күрт төмендеп, 487,75 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда, бүгін (сәрсенбіде) сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валюта қайтадан әлсіреп, бағам 491,30 теңгеге дейін көтерілді.
Мамандардың пікірінше, мұндай секірістер әлемдік мұнай нарығындағы белгісіздік пен ішкі валюталық сұраныстың артуына байланысты болып отыр.
Доллар бағамына әсер етуші басты факторлардың бірі мұнай бағасы да құбылмалы болып тұр. Соңғы аптада «қара алтынның» құны барреліне 120 долларға дейін көтеріліп, 2022 жылдың маусым айынан бергі рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. Алайда, Трамп мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы 87-94 доллар дәлізінде тұрақталуда.