Жаңалықтар

Шымкентте қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ұсталды

фото: ашық дереккөзден

Шымкентте қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ұсталды. Ол 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Мәліметті ҰҚК растады деп жазады Kursiv Media.

Департамент қызметкерінің ұсталғаны жайлы кадрлар әлеуметтік желіде тарады. ҰҚК дерегінше, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа мән-жайы белгісіз.

«Өзге ақпарат Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп хабарлайды ведомстводан.

Экономикалық тергеу департаменті бюджет саласындағы және квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтармен айналысады.

Өткен айда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Проблемалық кредиттер қоры басқармасының бұрынғы басшысын ұстаған еді. Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бар.