
Әнші Айқын Төлепберген жан жары – Жұлдыз Өмірғалиді туған күніне орай ерекше құттықтады. Түнгі сағат 00:00 шамасында үйіне атақты адамдардың костюмін кигендер келіп, ақжарма тілектерін жеткізді.
Жұлдыз Өмірғалиді жақындары түнде Америка президенті Трамп, түрік актері Бурак Өзчевит және америкалық актриса Мэрилин Монро болып киініп құттықтады. Әншінің күйеуі – Айқын Төлепберген Дональд Трамп болып киініп қана қоймай, қазақша тілегін де америкалық акцентпен жеткізіп, кештің көркін қыздырды.
Жұлдызға құшақ гүлін ұсына отырып, әзілдеп:
«Your husband Kairat, no Kairat – Aikyn Tolepbergen call me and say that today is your birthday and I соғыстың бәрін тоқтатып қойып, ракеталар – бәрін стоп Ok I go to Kazakhstan and поздравить Жұлдыз Төлепберген. Happy birthday. Сұқтанып тұрып жанарың, сұрама неге қарағым. Солай да солай, қарағым. Отыздан асып барамын. Happy birthday, Merry Christmas and Happy New Year» деп тілегін айтты.
KeshYou тобының экс-мүшесі биыл 31 жасқа толып жатыр. Сүйіктісіне деген махаббатын Айқын пост арқылы бөлек те жеткізді.
«18-ге толған күнін құтты болсын, күнім. Қаладым сені мен бір көрген сәтте! Мен сені жақсы көремін. Балаларым мен махаббатыңа рахмет», – деді ол екеуінің бірге түскен суреттерін салған жазбасында.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айқынның көпбалалы әке болғаны туралы жазған едік.