Жаңалықтар

Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Алмаз Джумакеев 2021 жылы Қорғаныс министрінің кадрлық резервіне енгізілген. 2022 жылдан бері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарған.