14 наурыз күні Көктөбеге баратын аспалы жол тегін болады

Жарияланды 12 Наурыз 2026 11:57

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Кок тобе
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше қарқынмен басталмақ. Биылғы мерекенің шымылдығын ашатын 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұмытылмас сыйлықтарға толы болмақ.

Аспалы жол тегін болады

Мерекелік шараның ең басты жаңалығы – Көктөбе саябағына апаратын әйгілі аспалы жолдың (фуникулер) тегін қызмет көрсетуі.

Назар аударыңыз: Аспалы жол 10:00-ден 15:00-ге дейін барлық келушілер үшін тегін болады.

«Көктөбедегі көрісу»: Концерттік бағдарлама

Сағат 12:00-де Көктөбе биігінде Наурыз мейрамының салтанатты ашылу рәсімі және «Көктөбедегі көрісу» атты ауқымды концерттік бағдарлама басталады. Сахнада қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары өнер көрсетеді:

  • Мәдина Сәдуақасова;
  • Айгүл Қосанова;
  • «КешYou», «Made in KZ», «Тұмар», «Алатау серілері» топтары;
  • «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері.

Инновациялық құттықтау: Аудиодрондар шоуы

Биылғы Көрісу күні тек ән мен бимен шектелмейді. Алматылықтар алғаш рет аудиодрондардың қатысуымен өтетін ерекше мерекелік құттықтауға куә болады.

Бұған дейін, Алматыда Наурыз мерекесіне орай 14-23 наурыз аралығында қандай іс шаралар өтетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз