
АҚШ-тағы «грин карта» немесе Diversity Visa лотореясы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ел билігі алаяқтармен күресу үшін, жеке деректерді қатаң тексеретін болады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, соңғы тексеріс кезінде грин-картаға өтініш білдіргендер арасында 2,5 күмәнді анкеталар анықталған. Осы олқылықты реттеу үшін америкалық билік жаңа ережелер енгізді. Не өзгереді?
- Шетелдік паспорт міндетті болады. Енді тек мәліметтерді енгізу жеткіліксіз. Өтінімге жеке деректер мен қолы қойылған бетінің сканерленген нұсқасын тіркеу қажет.
- Символикалық төлем енгізілуі мүмкін. Өтінім беру кезінде 1 доллар көлемінде алым енгізуді ұсынып отыр. Сома аз болғанымен, мыңдап бос анкета толтыратын адамдар санын қысқартуға мүмкіндік бермек.
- Анкетаны толтыру уақыты ұзартылады. Анкетаны толтыруға берілетін уақыт қазіргі 30 минуттан 90 минутқа дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл қатысушыларға мәліметтерді мұқият тексеріп, асығыс қате жібермеуге көмектеседі.
«Биологиялық жыныс» термині және жаңа талаптар
Сауалнаманың өзінде де айтарлықтай өзгерістер болмақ. «Гендер» және «жас» сияқты терминдердің орнына неғұрлым консервативті әрі дәл ұғымдар «биологиялық жыныс» және «туған күні» деген ұғымдар қолданылады.
Сонымен қатар, консулдарға арналған нұсқаулыққа shall («міндетті») деген қатаң сөз қосылды. Бұл қызметкерлер үшін нақты белгі: енді жеңімпаздардың мәліметтері ерекше мұқият тексеріледі. Транслитерациядағы (әріптердің жазылуындағы) немесе даталардағы кез келген сәйкессіздік виза беруден бірден бас тартуға себеп болуы мүмкін.
Билік өкілдерінің пікірінше, мұндай шаралар бағдарламаның ашықтығын арттырып, адал қатысушыларға нақты мүмкіндік береді. Әзірге әлі күшіне ене қойған жоқ.