Ақтөбеде тұрғын ауласында ер адамның мәйіті табылды

Мәйіттің табылуына байланысты полиция қылмыстық тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Ақтөбе облыстық ПД бұл деректі растады.
«Полиция қызметкерлері мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты қазіргі уақытта өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Кейінірек полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді. Кейіннен олардың денесі табылып, күйеу баласы өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция оны Индонезияда ұстап, елге қайтарды.