Жаңалықтар

Астанадағы FIFA турниріне Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды

футбол
Астанадағы FIFA турниріне Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды / Фото: ҚФФ

25-28 наурыз аралығында Астанада ФИФА-ның футболдан жаңа халықаралық жолдастық кездесулер турнирі – FIFA Series 2026 матчтары өтеді.

Қазақстан футбол құрамасы төрт команда қатысатын шағын турнирдің қожайындарының бірі болды. Жеделсаты (жеребе) қорытындысы бойынша, «Астана Арена» стадионында «төрттік финал» форматында көшбасшылық үшін Қазақстан, Комор аралдары, Кувейт және Намибия командалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсейітов ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»); Мұхаммеджан Сейсен («Астана»); Александр Заруцкий («Ақтөбе»); Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де «Ордабасы»); Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы «Қайрат»); Нұралы Әліп («Зенит», Ресей); Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де «Астана»); Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де «Елімай»); Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де «Тобыл»); Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де «Қайсар»); Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»); Санжар Сатанов («Атырау»); Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»); Бағдат Қайыров («Ақтөбе»); Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Тюлюбай (барлығы «Елімай»); Әділет Садыбеков, Дамир Қасаболат (екеуі де «Қайрат»); Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де «Қайсар»); Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»); Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де «Тобыл»); Исламбек Қуат («Жеңіс»); Дінмұхаммед Қараман («Астана»); Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де «Қайрат»); Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де «Ахмат», Ресей); Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия); Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де «Тобыл»); Елхан Астанов («Ордабасы»); Рамазан Кәрімов («Астана»); Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де «Елімай»); Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»); Артур Шушеначев («Ақтөбе»); Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Алғашқы матчта Талғат Байсейітовтің шәкірттері Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, ал екінші кездесуде Кувейт немесе Намибиямен кездеседі.