Блогер Мадлен ер адамның қолдауынсыз қиын екенін айтып шағынды

Жарияланды 12 Наурыз 2026 13:02

Торғын Қабен

Торғын Қабен

фото: видеодан скрин

Белгілі блогер Мадина Мамадалиева (Madlen) парақшасының stories бөліміне ер адамның қолдауынсыз өмір сүрудің қиын екенін айтып шағынды.  

Мадлен сырқаттанып қалып, қатты шаршағанын жеткізді. Бәрінен қажыған ол дәл қазір Таиландқа ұшып кете салғысы келетінін айтып, бірақ жұмыстары болған соң олай ете алмайтынына көңілі құлазыды.

«Өмір мені шынықтырып жатыр. Сенің қолыңнан бәрі келеді дей береді. Биыл не өзгертем деп сырт көзқарастан өзіме қарап көрдім. Қанша жерден нәзік болайын десем де, қолымнан келмей қойды. Әкең, ағаң сияқты ер адам қолдап отырмаса, өте қиын. Өзіңді-өзің бағып, қорғауың керек болады. Менде солай. Дені дұрыс ер адам жоқ жанымда. Өзіме ғана сенемін. Босаңсуға болмайды. Өмір бойы өз басымды өзім алып келе жатырмын. Өзім пәтер алдым, мамамды саяхатқа апардым, Германиядан көлік алдырдым. Кім не айтса да, өзім істедім. Күнде жұмыс істеймін. Әр шам, әр төсек жабдықты өзім алдым», – деп шағынды ол.

Оған қоса қазіргі ер адамдардың ұсақталып кеткенін де атап өтті. «Ер адамдар кедей қыздарды жақсы көрмейді қазір. Әшекейлеріңе, қандай көлікпен келгеніңе, киіміңе қарайды. Cartier, Bulgari – бәрінің қанша тұратынын біледі», – деп іштегі жанайқайын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мадленнің суреті Париж бен Куршевельдің қақ ортасында ілулі тұрғаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз