Жаңалықтар

Елдегі жылу желілері әбден тозған үш өңір анықталды

тозған жылу желілері
фото: shutterstock

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстандағы жылу желілері ел бойынша ең тозығы жеткен, нашар деп танылды. Энергетика министрлігінің деректеріне талдау жасаған Energyprom осылай деп жазады.

Ресми дерек бойынша, елдегі жалпы жылу желілерінің ұзындығы 13 486 шақырымға тең. Олардың тозу деңгейі орташа – 49,95%.

Жылу желілерінің тозу деңгейі (аймақтар бойынша):

  • Павлодар облысы – 78,2%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 64,6%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 62%
  • Маңғыстау облысы – 62%
  • Қарағанды облысы – 60,3%

Мегаполистерде жағдай аздап жақсы. Алматы мен Астанамен салыстырғанда Шымкенттегі жылу желілерінің деңгейі ортадан жоғары деуге болады. Ірі қалалардағы жағдай:

  • Алматы – 53,9%
  • Астана – 53,4%
  • Шымкент – 37%

Жалпы елдегі жарықпен жылу өндіретін станциялары, энергия тарататын жүйесі, үйді-үйге су мен жылу жеткізетін желілері, тоспа суды ағызатын кәріз құбырларын жөндеу үшін арнайы ұлттық жоба бекіткен. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» атты құжатқа сәйкес, 2029 жылға дейін жалпы 13,5 трлн теңге инвестиция салынбақ.