
Гүлзира Айдарбекова махаббат жоқ дегені үшін күйеуі Нұртас Айдарбековті қыспаққа алып, сұрақты қарша жаудырды.
«Ауызашарға дайындалып жатырмыз тағы да. Келін жоқ, қыдырып кетті. Нұреке, сонымен махаббат бар ма, жоқ па?», – деп Гүлзира Айдарбекова күйеуін сұрақтың астына алды.
Бұдан бұрын әйеліне деген махаббаты жоқ екенін, тек сыйластық бар екенін айтқан Нұртас Айдарбеков дереу ол сөзін аяқ астынан қайтарып алды.
«Махаббат бар. Сұмдық махаббат!» деп ақтала бастады.
«Сен кеше жұрттың бәрін күлдірдің. «Баяғыда сұмдық махаббат болғанбыз. Махаббаттың бәрі немерелерге, бала-шағаға ауысты» дедің. Бірақ балаға, немереге деген махаббат – мүлде басқа махаббат», – деп түсіндіруге тырысты Қайрат Нұртастың анасы.
Осы сөздерден кейін Нұртас Айдарбеков әйеліне деген махаббаты бар екенін халықтың алдында мойындауға мәжбүр болды.
«Мен өліп қалсам, сенің күнің не болады?», – деді продюссер. «Қиын болады», – деп жауап қатты отағасы.
«Немерең, келінің менің орнымды толтыра ала ма?», – деді тағы да Гүлзира Айдарбекова. Нұртас Айдарбеков толтыра алмайтынын айтты. «Ұлы махаббат» екенін айтып, пікірталасты тез бітіруге тырысты. Продюссер ренішін жасыра алмай, күйеуін екі түрлі сөйлемеуге шақырды.
«Шынында нағыз махаббат 50-ден асқанда, оған дейін күйем, сүйем дегендер ажырасып кетулері тез. Бір-бірінің бүкіл ыстық-суығына шыдағандарда нағыз махаббат деген, ұлы махаббатқа айналады. Ерлер әйелі болмаса, үйге кіргісі де келмейтіні бәріңізге аян. Қартайған ата-аналарыңыздың өмірі – нақты жауап. Адамның жүрегі мәңгі 18-де. Ол да рас. Ал сіздер қалай ойлайсыздар, сонымен махаббат бар ма жоқ па?» деп сауал тастады Гүлзира Айдарбекова.
Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова ақшаның ортасында түскен фотосын жариялаған еді.