
24 сәуірде «Еуразиялық банкке» иелік ететін «Еуразиялық қаржы компаниясы» (ЕҚК) акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтеді. Шухрат, Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тесілі компания дивиденд төлеу тәртібін бекітеді.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша жасалды. Акционерлер 24 сәуір сағат 12:00-ге дейін өз шешімдерін бюллетень арқылы поштамен немесе электронды түрде жолдауға тиіс.
Бұл қаржы компаниясының құрамына «Еуразиялық банк» пен «Еуразия» сақтандыру компаниясы, «Еуразиялық капитал» АҚ кіреді.
Акционерлер арасындағы дау
Бұл жиналыс компания құрылтайшылары арасындағы ұзаққа созылған корпоративтік дау-дамай аясында өткелі отыр. 2025 жылдың наурыз айында Александр Машкевич қайтыс болғаннан кейін, ЕҚК акционерлері (Патох Шодиев, Мұқадасхан Ибрагимова және марқұм А. Машкевичтің мұрагерлері) арасында келіспеушіліктер туындаған болатын.
Даудың негізгі ошағы Патох Шодиев пен марқұм Әлижан Ибрагимовтың ұлы Шухрат Ибрагимовтың арасында өрбіді.
Bloomberg мәліметтеріне сүйенсек, тараптар арасында компанияны сату немесе сақтау мәселесінде пікір қайшылығы туындаған. 2025 жылдың тамыз айында П. Шодиев пен оның қызы Муниса Шодиева Директорлар кеңесінің бірқатар шешімдерін (2 маусым мен 30 шілдедегі) заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді.
Шодиев сотта жеңіліп қалды
2025 жылдың 16 қыркүйегінде сот Шухрат Ибрагимовтың талап-арызын қанағаттандырып, Директорлар кеңесінің бұрынғы шешімдерін заңды деп таныды. Сот шешімімен компания 2024 жылғы қаржыл есебін бекіту және «Еуразиялық банктің» басшылығындағы кардлық өзгерісті қабылдауды міндеттеді.
Нәтижесінде банктің Директорлар кеңесін Шухрат Ибрагимовтың өзі басқарды. Сонымен қатар компапния акцонерлерінің құрамынан Мұқадасқан Ибрагимова шығып, орнына ұлы Шухрат келді.
Айта кету керек, 2025 жылдың желтоқсанында акционерлер компанияның 2024 жылғы таза табысын бөлуден бас тартқан.