Наурыз мерекесіне орай Geely Galaxy бағасы арзандады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Geely Galaxy / фото: carnewschina
Geely Galaxy / фото: carnewschina

Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай Geely Galaxy модельдер желісіндегі автокөліктердің бағасы арзандады.

Қытай көліктерінің ақпаратынша, жеңілдіктер 2,5 млн теңгеге дейін жетеді. Ал кейбір модельдердің бағасы енді 8 990 000 теңгеден басталады. Арнайы ұсыныс 31 наурызға дейін жарамды.

Акцияға брендтің бірнеше моделі қатысып отыр. Мысалы, қалалық кроссовер Geely Galaxy CityRay бұрынғы 10 990 000 теңгенің орнына 8 990 000 теңгеден сатылуда. Ал Geely Galaxy Preface седаны енді 9 990 000 теңгеден ұсынылады. Бұрынғы бағасы — 11 890 000 теңге.

Сондай-ақ электрлі кроссовер Geely Galaxy EX5 моделінің бағасы да төмендеді. Енді ол 14 490 000 теңгенің орнына 11 990 000 теңгеден басталады.

Ал гибридті EX5 EM-i нұсқасы бұрынғы 13 890 000 теңгенің орнына 11 990 000 теңгеден ұсынылуда.

Акция Қазақстанның жеті қаласында өтіп жатыр. Атап айтқанда, Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай және Ақтөбе. Қазақстан нарығына арналған Geely Galaxy модельдері Қостанайдағы Allur зауытында құрастырылады.

Айта кететін жайт, WeRide және Geely 2026 жылға қарай 2000 роботакси шығармақ.

Сондай-ақ оқыңыз