Оқушылар ІІІ тоқсанда неше күн демалады

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады. Мұны Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
«2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, демалыстың әр күні «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады.
Оқушылар «Таза Қазақстан» , «Еңбек адамы» және «Заң мен тәртіп» бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады. Сондай-ақ дәстүрлі «Жер сағаты» акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді.
Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында оқушылар қанша күн демалатынын осы жерден оқи аласыз.