Ресейлік әнші Николай Басков Threads-ті жаулап алған қазақтарға таңғалды

Жарияланды 12 Наурыз 2026 14:53

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Threads әлеуметтік желісінде Ресейлік әнші Николай Басков қазақтардың ұйымшылдығына таңғалып, жазба қалдырды.

Желі қолданушылары болса, Басковқа Тредстің «жазылмаған ережелерін» түсіндіріп, нағыз «виртуалды ауылдың» атмосферасын көрсетті.

«Тредстің валютасы – теңге»: Басковтың постының астындағы қалжыңдар

Басковтың «Тредсте не болып жатыр» деген сауалына оқырмандар қалжыңмен жауап берді.

«Мәскеуде тұрсақ та, Тредстің валютасы – теңге», «Жақында ене мен келінді ажырата бастайсың, сонда бәрі түсінікті болады» деген пікірлер жазылуда.

«Постқа емес, қазақтың пікіріне лайк бас»

Басковтың постындағы ең танымал пікірлердің бірі – қазақтардың әлемдік желідегі өзара қолдауы мен бірлігінің символына айналды:

«Егер қазақтар көп лайк жинаған постты көрсе, олар постқа емес, сол посттың астындағы қазақтың пікіріне одан да көп лайк басады».

View on Threads

Еске сала кетейік, 2025 жылғы DataReportal деректеріне сәйкес, Қазақстанда Threads желісін қолданушылар саны көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз