Төркіндеп келген Дина Төреәлі анасына 2 млн теңгелік бренд сырға сыйлады

Жарияланды 12 Наурыз 2026 13:46

Торғын Қабен

Торғын Қабен

коллаж: Дина Төреәлінің инстаграм парақшасы, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Төреғали Төреәлінің қарындасы әрі блогер Дина анасы мен әпкесін өткен 8 наурыз мерекесімен құттықтап, Астанадан Алматыға төркіндетіп келді. Жақындарына үлкен құшақ гүлін беріп қана қоймай, анасына бағалы сыйлық беріп қуантты.   

Дина Төреәлі «Қыздарымды мерекемен Астанадан келіп құттықтағым келді» деп жазып, ақ және қызыл қызғалдақтан букет сыйлады. Әпкесі Фаризаға «Әлемдегі ең керемет әпкем барына рахмет» деген жылы лебізі жазылған гүлдесте беріп, жиені – Дараға да мерекелік сыйлығын табыстады.

Оған қоса құны 90 мың теңге тұратын корейлік жақпамай беріп, анасы мен әпкесін мәз қылды. Динаның сыйлығы мұнымен біткен жоқ. Ең басты сыйлық ретінде анасына бағалы тастары бар сырға сыйлады.

Суретіне қарасақ, бұл әшекей Bvlgari брендінің Divas’ Dream деген сырғасына ұқсайды. Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, бұл 18 карат қызғылт алтыннан жасалған, жоғары жағына кішкентай гауһар тас қойылған, mother of pearl қойындылары бар бұйым. Сырға екі бөліктен тұрады: үстінде – бриллиантты кішкентай элемент, астында қалыбы желпуішке ұқсайтын Divas’ Dream салпыншағы бар. Бұл әшекей high jewelry ready-to-wear санатына жатады. Ресми сайтындағы бағасы – 3650 еуро немесе 2 062 000 теңге.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үш жылда үш бала тапқан Дина Төреәлінің неге өзін кінәлі сезінетіні туралы жазған едік.  

Сондай-ақ оқыңыз