
Бүгін Тоқаев Мәслихат депутаттарының форумын өткізіп, жаңа Ата заң жобасындағы арнаулы режим мәселесін түсіндірді.
«Біз арнаулы режимді тек қаражат, яғни капитал тарту үшін енгізіп отырмыз. Мұндай артықшылық қаржылық басқару, салық жеңілдіктері және сот рәсімдеріне қажетті жұмыстарды қамтамасыз ету үшін беріледі. Мәселен, осындай режим Алатау қаласына қатысты қолданылмақ»,- деді ол
Президент сөзінше, Конституцияда арнаулы құқық режимін бекіту арқылы инвесторларға қолайлы жағдай жасалады. Оларға Қазақстанды тұрақты, ашық, кедергісіз және ішкі нарықтағы ахуалы айқын ел ретінде танытады.
«Мұндай аумақтар Қазақстанның біртұтас конституциялық, құқықтық кеңістігінің ажырамас бөлігі саналады және солай болып қала береді. Конституциялық жүйенің аса маңызды бөлігі ретінде еліміздің аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік құрылымы мызғымас сипатқа ие», – деп атап өтті ол.
Арнайы режим Alatau City қаласына қатысты болып тұр. Ерекше мәртебе беру арқылы билік оны экспортқа бағытталған сауда-логистикалық және іскерлік хабқа айналдыруды көздеп отыр.