
Алматы әкімі бұрын қабылданған бірнеше жерді мәжбүрлеп алу қаулысының күшін жойды. Соның нәтижесінде бұған дейін алып қою жоспарланған 30-дан астам жер телімі мен үйлер бұзылмайтын болды. Бұл туралы Kursiv.Media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алатау ауданы, Қарасу ықшамауданы
Қарасу ықшамауданында орналасқан 31 жер телімін алып қою рәсімі тоқтатылды. Бұл учаскелерді бұрын автобусқа арналған тұйық әрі кері бұрылу алаңын салу үшін алу жоспарланған еді.
Қай жерлерде бұзу тоқтатылды және үйлер сақталды:
- Қарасу ықшамауданы: 15, 17Б, 3/7, 5а;
- Бұрындай көшесі: 2 (1-пәтер), 2а (1, 2-пәтер), 4 (1, 2-пәтер), 6 (1, 2-пәтер), 8 (1, 2, 3-пәтер), 10 (1, 2-пәтер), 12 (2, 3, 4-пәтер), 37, 39 (2-пәтер);
- Қаламбаев көшесі: 44;
- Шаяхметов көшесі: 139, 141, 143, 145, 147, 151.
Медеу ауданы
Ауданды абаттандыру және жасыл желек отырғызу мақсатында алып қою жоспарланған жер телімі үшін рәсім тоқтатылды.
Сақталған жер телімі:
- Әл-Фараби даңғылы, 90а
Бұрын бұл жерді алу 2025 жылғы шілдедегі әкімдік қаулысымен бекітілген болатын, қазір ол күшін жойды.
Солтүстік айналма көшесінің батысы
Тағы бір қаулы автобусқа арналған тұйық әрі кері бұрылу алаңын салу үшін жерді алып қою рәсімін тоқтатты.
Сақталған жерлер:
- Солтүстік айналмакөшесі, 78/1
- Солтүстік айналма көшесі, 24
Керей–Жәнібек хан көшесі
Мұнда үш жер телімін алып қою тоқтатылды:
- Керей–Жәнібек хан көшесі, 578
- Керей–Жәнібек хан көшесі, 461/1
- Керей–Жәнібек хан көшесі, 463/3
Бұл жерлерге автокөлік гаражы мен жүзу бассейнін салу жоспарланған болатын.
Бостандық ауданы
Бұқар Жырау даңғылы, 25 жер телімін алу рәсімі тоқтатылды. Бұрын бұл жерді қаланың жалпы жоспарын іске асыру, яғни аумақты абаттандыру және жасыл желек отырғызу үшін алу қарастырылған еді.
Айта кетейік, Алматыда жаңа метро желісінің құрылысы басталады. Осыған байланысты жаңа станциялар үшін жер телімдері сатып алынып, бірқатар үйлер сүрілетін болады. Сүрілетін ғимараттар Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан.