
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ірі жол апаты Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында орын алды.
«»Фотон» автобусының жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта, Манас көшесінен батысқа қарай келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан көліктермен соқтығысқан», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Апаттан бір адам зардап шеккені нақтыланды, ол көмек сұрап дәрігерлерге өзі жүгінген. Бостандық ауданының полициясы тексеру жүргізіп жатыр.
Еске салар болсақ, 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болған. 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушімен жанжалдасып, жүргізушіні ұрып есінен тандырған. Осының салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.
Үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты іс бойынша таяуда сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахмеджанов кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.