Жанабыловтар сотта өздерін фотоға түсіруге неге қарсы болғанын түсіндірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Эльмира Төлегенова үзіліс кезінде сұрақтарға жауап берді/фото: kursiv.media архиві

Астана сотында блогер Эльмира Толегенова не себепті өзін фото-видеоға түсіруге қарсы болғанын айтты.

Сөзінше, үлкен ұлы мектепке барады. Ал ұлының сыныптастары желіде тараған видеоларды көріп, Жанабыловтар отбасына қатысты сұрақтар қоятын көрінеді. Сол себепті ерлі-зайыпты өздерін түсірмеуді сұрады.

Айта кетейік, Астанада ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтарға қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр.

Істің мән-жайы

2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, жаңа қаулы шығарды. Істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. 

Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

Сондай-ақ оқыңыз