Жаңалықтар

13 наурызда Алматының басты көшелерінде жарық өшуі мүмкін

фото: ашық дереккөзден

13 наурызда Алматыда электр жарығы қысқа уақытқа өшуі мүмкін, әдетте 1,5–2 сағаттан аспайды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 13 наурыз күні электр желілері мен қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Жөндеу жұмыстары сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін қаланың бірқатар аумағында жоспарланған. Атап айтқанда, Шевченко, Розыбакиев, Жамбыл, Қарасу көшелерінде, Таусамалы және Таужолы шағынаудандарында, сондай-ақ Көктөбе мен Нұркентте жарық уақытша өшуі мүмкін.

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Мұсабаева көшесінде және Орбита-4 шағынауданында да электр қуатының үзілуі ықтимал.

Энергетиктердің айтуынша, жөндеу барысында сымдарды тазарту және ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.