«Дәстүр: Теріс бата» фильмі Freedom Media платформасына шығады

Жарияланды 13 Наурыз 2026 09:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дәстүр 2
фото: instagram

Қазақстандық кинематографияның соңғы жылдардағы ең шулы әрі табысты туындыларының бірі «Дәстүр» фильмінің жалғасы стриминг платформада көрсетіледі.

Freedom Media мәлімеиінше, 20 наурыздан бастап көрермендер «Дәстүр: Теріс бата» фильмін тамашалай алады.

Фильмде қазақ қоғамындағы ежелден келе жатқан тыйымдар, наным-сенімдер және ең қорқынышты ұғымдардың бірі «теріс батаның» салдары заманауи хоррор элементтерімен шебер ұштастырылған.

Айта кетерлігі, «Дәстүр» фильмі кинотеатрларда көрсетілген уақытта әлемдік «Аватар: Су жолы» фильмімен бәсекелесіп отандық проката табысқа жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз