Жаңалықтар

Бұған дейін қола жүлделі болған Ербол Хамитов Паралимпиадада алтын алды

На лыжной дистанции Паралимпиады-2026 казахстанец Ербол Хамитов
фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында отырып жарысатын биатлонның 4,5 км спринт-пасьют жарысында алтын медаль жеңіп алды.

Хамитов қашықтықты 9:39,0 уақытта жүріп өтіп, екінші атыс кезеңінде бір рет мүлт кеткеніне қарамастан бірінші орын алды.

Күміс жүлдені украиналық Тарас Радь иеленді. Ол қазақстандық спортшыдан 21,5 секундқа қалып қойды. Қола медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырды (+32,5).

Бұл жарыста тағы бір қазақстандық Юрий Березин екі рет мүлт кетіп, 19-орынға тұрақтады (+3:30,4). Сергей Усольцев бес қателік жіберіп, 23-орын алды (+4:43,9).

10 наурызда Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының классикалық спринт жарысында қола жүлдесін иеленген. Сол кезде алтынды қытайлық Лю Цзысюй алған.