
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды әзірледі. Оның аясында фермерлерге жылдық 6% мөлшерлемемен жаңа жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылды.
Қаржыландыру шарттары:
- Жеңілдетілген пайыз: жылдық 6%
- Икемді несие мерзімдері: мал шаруашылығы саласының ерекшеліктеріне сай
- Қаржыландыру көздері: «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер
Несие қандай мақсатқа беріледі
Несие ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуға, бордақылау алаңдарын дамытуға арналған.
Бағдарламаның іске қосылуы фермерлерді қолдауға және Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деген жоспар бар.
Жалпы биыл мал шаруашылығына бірқатар субсидиялар қарастырылған. Толығырақ мән-жайын мына жерден оқи аласыздар.