
Қазақстандық Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов Италиядан оралғаннан кейін, оған автокөлік сыйға тартылады. Бұл туралы Nege.Aqsha Telegram-арнасы хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, бизнесмен Нұрлан Смағұлов спортшыға Chery Tiggo 7 автокөлігінің кілтін табыстауды ниет етіп отыр. Сыйлық чемпион елге оралғаннан кейін беріледі.
Еске сала кетейік, Ербол Хамитов Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында отырып жарысатын спортшылар арасында парабиатлоннан 4,5 шақырымдық «ілесу жарысы» тәртібінде алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұған дейін Ербол Хамитовты жеңісімен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтағаны туралы жазған едік.