Жаңалықтар

Референдум – 2026: ертеңнен бастап үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

Референдум 15 наурызда өтеді/фото: Серикжан Ковланбаев

Бүгін, 13 наурызда республикалық референдум алдындағы үгіт аяқталады.

Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, «Республикалық референдум туралы» референдум алдындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.

«Бүгін сағат 00:00-де үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Яғни, 14 наурызда және 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынған. Ол уақытқа дейін ілінген платтар орнында сақталуы мүмкін», – дейді Ләззат Сүйіндік.

Ал бұл норманы бұзғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай жауапкершілікке тартылады.

 «Дауыс беру күні сайлау учаскесінде қоғамдық пікірді сұрауға тыйым салынады. Азаматтардың пікірін учаскеден шыға берісте ОРК-ны хабардар еткен заңды тұлғалар сұрай алады. Олардың тізімі ресми сайтта жарияланған», – дейді Ләззат Сүйіндік.

Айта кетейік, учаскелерде фото-бейнетүсірілім жасауға тек бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ғана рұқсат беріледі.

Бұл ретте олар дауыс беру құпиясын сақтауға, азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге, дауыс беру процесіне және комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі келтірмеуге міндетті.