Жаңалықтар

Референдум алдында сауалнама жүргізгендер жазаланды

Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Референдум қарсаңында қоғамдық пікірге арналған әлеуметтік сауалнамалар жүргізу кезінде заң бұзған 26 дерек тіркелді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов хабарлады.

Барлық оқиғалар әлеуметтік сауалнама жүргізу кезінде заң талаптарының сақталмауына қатысты болды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне үндеу айтқым келеді: қазіргі таңда сауалнама жүргізу талаптарының сақталмауы бойынша заң бұзушылықтар бар. Бұл ақпарат Бас прокуратураға жолданды. Сонымен қатар, онлайн платформаларда жүргізілген агитация кезінде заң бұзушылықтың 54 фактісі анықталды. Бұл деректер Сыртқы істер министрлігіне жіберілді», – деді Ысқақов Астанада өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Аталған мәліметтер Сыртқы істер министрлігіне берілді.

Айта кетейік, бүгін, 13 наурызда, республикалық референдум алдындағы үгіт аяқталады. 14 және 15 наурызда үгіт-насихат жасауға тыйым салынған.