Референдум: тіркеуде жоқ азаматтар қалай дауыс береді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
сайлау выборы election
Фото: shutterstock

Референдум күні дауыс берушілер өздері тіркелген мекенжай бойынша учаскеге баруы тиіс. Ал еш жерде тіркеуде жоқ азаматтар үшін арнайы тәртіп қарастырылған. Мұны Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, ел бойынша 220 учаскеде азаматтарға бір тәулікке уақытша тіркелу мүмкіндігі қарастырылған. Яғни еш жерде тіркеуде жоқ азамат сол күні арнайы тізімге енгізіліп, бюллетень алып, дауыс бере алады.

«Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады», – деді Әбдіров.

Айта кетейік, референдумда жалпы 10 473 учаске жұмыс істейді. Оның 10 402-сі Қазақстан аумағында орналасқан. Сонымен қатар шетелдегі қазақстандықтар үшін 54 мемлекетте 71 учаске ашылады.

Еске салсақ, 2026 жылдың 15 наурызында ауқымды медиажоба – «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді. Марафон сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:15-ке дейін жалғасады. Бүгін, яғни 13 наурызда республикалық референдум алдындағы үгіт-насихат аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз