Lifestyle

Сұлтан Сүлеймен мен Хюррем 15 жылдан кейін жаңа жобада бас қоспақ

Звезды «Великолепного века» воссоединятся 15 лет спустя
телехикаядан кадр / бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«Сүлеймен сұлтан» телехикаясының аңызға айналған жұлдыздары Халит Эргенч пен Мерьем Узерли араға 15 жыл салып, қайтадан бір түсірілім алаңында кездеспек. Әлемдік деңгейдегі танымалдылыққа ие болған қос актер «Имроздағы көктем» атты жаңа туындыда басты рөлдерді сомдайды.

Оқиға желісі

Фильмнің сюжеті Имроз аралында өрбиді. Мұнда екі адамның тағдыры күтпеген жерден түйіседі. Көрермендер Халит пен Мерьемнің орындауындағы терең драмалық әрі романтикалық хикаяны тамашалай алады.

Түсірілім қашан басталады?

Қазіргі таңда фильмнің түсірілім жұмыстары жақын арада басталады деп жоспарланып отыр. Әзірге туындының үлкен экрандарға шығатыны немесе бірден стримингтік платформалардың бірінде жарияланатыны белгісіз.

Айта кетейік, осыған дейін «Сүлеймен сұлтан» телехикаясының актері 2,3 жылға сотталған еді.