
«Таптым-ау сені 3» фильмі Лос-Анджелесте көрсетіледі. Бұл туралы жобаның продюсері әрі басты рөлді сомдаған Дариға Бадықова хабарлады.
Алғашқы рет Голливуд төрінде
Қазақ тіліндегі туынды алғаш рет АҚШ-тың ең ірі кино орталығында көрсетілгелі отыр. Дариға Бадықова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған постерге сәйкес, Лос-Анджелестегі көрсетілім 13 наурыз күні сағат 20:00-де басталады.
«Алғашқы рет Los Angeles қаласында қазақ киносы көрсетіледі», – деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы прокат
Шетелдегі қандастарымыз бен Лос-Анджелес тұрғындары фильмді ертең-ақ тамашалай алса, қазақстандықтар фильмді 26 наурыздан бастап көре алады.