Тоқаев депутат Имашеваны қызметке тағайындады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Снежана Имашева
Фото: Конституциялық реформа 2026 телеграм арнасынан

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Снежанна Имашева 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Банк Тұран Әлем» АҚ Ақсай филиалында бөлшек несиелеу жөніндегі маман болып бастаған. Кейін нотариустың көмекшісі, заң кеңесшісі және Батыс Қазақстан облысындағы түрлі компанияларда өткізу қызметінің басшысы болып жұмыс істеген.

2011–2016 жылдары «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты болып сайланған. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған.

2021 жылы VII шақырылым депутаты болып қайта сайланып, осы комитеттің хатшысы қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан бастап комитет төрағасы болды.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.

Сондай-ақ оқыңыз